МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлда 1046 тұрғын баспаналы болады

Қайролла Ғалеев, Қала әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары:

– Ал, Солнечный кентінде 450 га жер бөлінген. Мұнда жылумен қамтылған бірдей жер үйлер бой көтереді. 2100 учаске қарастырып отырмыз. Біз баспананы саламыз. Ал, иемденуге ниет білдірушілер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұсынған шарттар бойынша сатып алады. Қазір коммуникация жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін 2 млрд 600 млн теңге бөлінген.

Баспанаға брінші кезекте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары қол жеткізеді. Құрылғанына 14 жыл болған қаржы институтының бүгінде 27 мың салымшысы – солтүстіказақстандықтар. Ендігі олардың 2500-і банк ұсынған оңтайлы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, баспанылы болған. Бұл ретте бүгін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық әкімдікпен «Нұрлы жер» бағдарламасын бірігіп жүзеге асыру үшін меморандумға қол қойды.

Ләззат Ибрагимова, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы, Аламаты қаласы:

– Бүгінгі күні Петропавл қаласында салынатын үйлердің саны артып отыр. Мәселен 2012-2015 жылдар аралығында «Аймақты дамыту» бағдарламасы арқылы барлық салымшыларға 609 пәтер, жас отбасыларға 350 пәтер берілген. Бұл 4 жылдағы көрсеткішті біз 2016-2017 жылдардың ішінде жүзеге асырмақ ниеттеміз. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 1000 пәтер беріледі. Осылайша, салымшыларға тезірек баспаналы болу мүмкіндік туып тұр.

Үй алғысы келген салымшы бірінші баспана бағасының 50 пайызын жинауы керек болатын. Ал, қазір шотында жалпы сомманың 30 пайызы жиылса жеткілікті.

Жанар Әділбекова, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы, Алматы қаласы:

– Үй алу үшін ең брінші салымыңыз болуы керек. “Нұрлы жол арқылы” 30 пайызын жинайсыз, қалған 20 пайызын мемлекет береді. Қалған 50 пайызын 5 пайызбен банк береді.

Барлығы ойдағыдай болса, биыл Петропавлда барлығы 1046 тұрғын қоныс тойын тойлайды.

 

Акбопе Танирберген