Қоғам

Жамбыл ауданындағы Буденное селосында Наталья Пятунина есімді ақын тұрады

Ақын кез келген тақырыпта қалам тербейді. Оның қиялынан күн сайын сан түрлі өлең дүниеге келеді екен.

Наталья Пятунина – ақын, Буденное селосының тұрғыны, Жамбыл ауданы:

– Табиғат жайлы, адамдар туралы жазамын. Балаларға өлең арнағанды жаным сүйеді. Менің 5 немерем бар. Олардың қылықтары әр түрлі. Сол себепті барлығына жеке-жеке өлең жаздым. Шабыт кез келген уақытта келеді. Ондай уақытта ойда туындаған шумақтарды қағаз бетіне түсіре білу керек.

Зейнеткер өзінің бос уақытын Буденное селолық округінің Ардагерлер кеңесінде өткізеді. Ол мұнда үзеңгілес әріптестерімен дойбы ойнап, бастан өткен қызықты оқиғаларды еске алады. Тіпті, кейбір кездесулерде жерлестеріне жиі өлең оқып береді.

Сейітқали Қожахметов – Буденное селолық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жамбыл ауданы:

– Наталья Николаевнаның өлеңдері жүрекке жетеді. Үнемі ұйым тыңтап отырамыз.

Жалпы, бүгінде Буденное селолық округінде 156 зейнеткер тұрады. Оның басым көпшілігі – тыл еңбеккерлері.

 

Култанов Байболат