Құқық қорғау органдары

Велосипед ұрылары қолға түсті

АБЫЛАЙ ӘБДІУАХИТОВ – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімінің тергеушісі:

– 1985-1987 жылғы облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 2 бөлімі 188 бабына сай тергеу жүріп жатыр. Олар 5 жылға дейін сотталып кетулері мүмкін.

Мамлют қаласының полицейлері 7 сынып оқушысына ұрланған велосипедін тауып берді. Қыз анасының жұмысына бірнеше минутқа кіріп, көлігін аулаға қалдырған. Оны он жасар ұл үйіне теуіп кетіпті. Біреудің мүлкін меншіктенген жасөспірім оны изолентамен орап тастап, емін-еркін мініп жүрген. Бірақ бұл қулығы көпке бармады.

Ләззат Бегалинова – Мамлют қаласының тұрғыны:

– Полицейлерге велосипедті тауып бергені үшін рахмет. Аз уақыт ішінде тауып берді.

ГҮЛБАНУ АХМЕТЖАНОВА – Мамлют аудандық ІІБ тергеушісі:

– Велосипед жапа шегушіге қайтарылды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу қауіп төніп тұр.

Полицейлер мүліктің ұрланғанын аңғарған тұлға бірден 102 нөміріне хабарласу керектігін айтады.

 

Акбопе Танирберген