Спорт

Теріскейлік бодибилдерші Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанды

Жерлесіміз Екатерина Шаламова фитнесс-бикини санатында мықтылығын дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені қытайлық спортшы, күміс медальды Жапония елінің өкілі тағынса, Екатерина Шаламова үздік үштікті тұйықтады. Жалпы 27 жастағы нәзікжанды спорт залға 4 жыл бұрын келген. Кейін түрлі жарыстарға қатысып, талай мәрте дүбірлі додаларда топ жарған. Айта кету қажет, Екатерина Шаламова ешбір бапкердің қолында емес, жеке өзі жаттығады.

Екатерина Шаламова – бодибилдинг және фитнестен 51-ші Азия чемпионатының қола жүлдегері:

– Бұл жарыстар жылына екі рет өтеді. Көктемде және күзде. Чемпионатқа дайындық 4 ай жүрді. Жаттығудан бөлек, қатаң диетаны ұстанасың. Көптеген майлы тамақтардан тыйыласың. Жарыста төрешілер дене бітіміңе, бұлшық еттеріңе қарап бағасын береді. Ешқандай май болмауы керек. Бұл додаға Қазақстаннан 6 адам бардық. Оның екеуі Солтүстік Қазақстаннан. Теріскейліктерден тек мен жүлдеге іліктім. Енді алдағы жоспарым – күзде Алматы қаласында өтетін ел біріншілігінде топ жару.

 

Риат Шони