Балалар

Петропавлда “Су асты әлемі” атты суреттер көрмесі өтті

Ирина Маркина – №1 өнер мектебі директорының орынбасары:

– Бүгінгі көрмені “Су асты әлемі” деп атадық. Балаларға теңіздегі жәндіктер өте ұнайды. Тақырыпқа сай шараға 50-ге жуық сурет әкелінді. Олар акварель, гуашь, пастель, витраж сынды әдіс арқылы салынған. Картиналар 1 ай бойы Бейнелеу өнері мұражайында ілініп тұрады.

Картиналардың арасында Алина Филатованың да жұмысы бар. Жас қылқалам шебері туындысында су түбінде жүзіп жүрген тасбақа мен медузаларды салған. Ол суретінде гуашты қолданыпты.

Алина Филатова – №1 өнер мектебінің оқушысы:

– Мен еңбегімді 2 күннің үшінде дайындадым. Гуашты ақ түспен араластырып, салдым. Сонда сурет анық бейнеленді. Болашақта бейнелеу өнері мұғалімі болғым келеді. Бұл – менің бала күннен берггі арманым.

Жалпы, бүгінгі таңда №1 өнер мектебінде 150-ден аса оқушы білім алуда. Олардың 30-ға жуығы – суретшілер. Шара соңында аталмыш оқу ордасының әншілері де ортаға шықты. Жас дарындар жиналғандарға шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

 

Култанов Байболат