Мәдениет

((Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының алты қойылымы сыншы алдынан өтті

“Геростратты ұмыту” – театр сыншысы, профессор Сания Қабдиеваға өнер ұжымы ұсынған спектальдердің бірі. Жалпы театр сыншысы 4 күн ішінде 6 қойылымды тамашалап, барлығына өзінің бағасын беріпті. Әрбір спектакльдерден соң профессор өнер труппасымен барлық кемшіліктерді талқыға салып, өз кеңесімен де бөліседі.

Сания Қабдиева – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, халықаралық театр сыншысы:

– Қойылымдардан алған әсерім жақсы. Театр труппасы мен жалпы ұжымы жоғары дейгейде деп айта аламын. Спектакльдер жанрлары мен тақырыптары жағынан өзгеше. Сондықтан, бұл актерлердің жан-жақты дамуына септесуде.

Әртістер мен театр ұжымы үшін бұндай шаралар қойылым кезінде кететін қателіктермен жұмыс жасап, өнерге жаңа қырдан қарау мүмкіндігі.

Анатолий Кириллов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:

– Театр сыншысының алдында өнер көрсету – өте жауапты. Себебі оның көзқарасы көрермендерден мүлдем бөлек. Өнер саласында ойып тұрып орнын алған адам тарапынан ескерту мен кеңестер есту, біздің алдағы жұмысымыз үшін өз септігін тигізеді.

Соңғы рет аталмыш театрға критиктер 2007 жылы келіпті.

Спартак Рамазанов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма теарының директоры, Мәдениет қайраткері:

– Мамырдың 27-30 аралығынада театр сыншысы назарына 6 спектакль ұсындық. Ол өзінің бағасын берді. Болашақта түрлі республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысқанда, сыншы тарапынан айтылған қателіктерді ескереміз.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде мәдениет ошағы 130-жылдық мерейтойын атап өтпек. Жалпы олардың репертуарларында 25 қойылым бар, олардың 8-і балғындарға арналған.

Эльмира Садвокасова