Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өңір жастарымен кездесті

Дарынды жерлестеріміздің жұмысын көрген өңір жетекшісі жастарға аталған заттарын саудаға салып, болашақта кәсіпкерлікпен айналысуға болатындығын айтты. Сонымен қатар, ол өңірімізде IT(ай ти) саласын да дамыту қажеттігін атап өтті. Кейін жиынға қатысушылар аймақ жетекшісіне сұрақтарын қойып, түрлі тақырыпта әңгімелесті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Елбасымыз “Қазақстан-2050” стратегиясында жастардың бәсекеге қабілетті болуы үшін қандай болу керектігін айтты. Сіздер елдің ертеңісіздер. Сондықтан, Қазақстанның жастары білімді, интеллектуалды, жан-жақты болуы керек.

Айгерим Ержанова