Мәдениет

Облыстық филармонияда 52-ші концерттік маусым жабылды

Биыл оркестрдің құрылғанына – 17 жыл. Бұл уақыт аралығында олар бірнеше мәрте сайыстарға қатысып, талай рет жеңімпаз атанған. Ал жақында Алматы қаласында жеке шығармашылық кештерін өткізді. Енді міне, облыстық филармония сахнасында 52-ші маусымның жабылу салтанатында өнерлерін паш етуде.

Қайырлы Ғафуров – Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:

– Алматыға барған гастрольдік сапарымыз жақсы өтті. Көрермен қабылдады. 50 шақты адам бардық.

Ал «Туған жер» мен «Әдемау» ұлттық би ансамблінің қыздары Алматы мен Астана қалаларында гастрольдік сапарда болып, елордалық көрермендерді өнерлерімен тәнті етті.

Сахнаға қай өнерпаз шықпасын, теріскейлік өнерсүйер қауым оларды зор қошеметтерімен шығарып салып отырды.

Концерттік маусым жабылғанымен, облыстық филармонияның әртістері үшін жұмыс әлі аяқталған жоқ. Қазір олар ЕХРО халықаралық көрмесіне қызу дайындық үстінде. Өйткені, еліміз үшін маңызды шарада жергілікті өнерпаздар шетелдіктерге концерттік шара ұйымдастырмақ.

 

Айгерим Ержанова