Әр түрлі

Демалыс күндері Петропавлда спорттық бал билерінен облыстық ашық чемпионат өтті

Темірлан Аталықов, сайысқа қатысушы, Астана қаласы:

– Маған билеген қатты ұнайды. Жарысқа бірінші рет қатысып тұрғаным жоқ. Сондықтан, сахнаға шығуға қорықпаймын.

Ал жасөспірімдер болса бидің 3 түрінен өзара сынға түсуде. Ча-ча-ча, самба мен джайв.

Бишілер жылдар бойы жинаған тәжірибелерін қазір төрешілер алдында көрсету мүмкіндігіне ие болды. Кирилл Сизиков пен Мария Гайдемская Петропавл қаласының намысын қорғауда.

Мария Гайдемская – сайысқа қатысушы:

– Біздің жұп болып өнер көрсетіп жүргенімізге көп болған жоқ. Осы турнирден жүлделі 2-ші және 3-ші орынды иелендік. Алайда, бұнымен тоқтамай, тырысып алға ұмтыламыз.

Спорттық бал билерінен облыстық ашық чемпионат осымен 12-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биыл оған Астана, Қарағанды, Степногорск, Көкшетау мен Петропавлдан жүздеген биші қатысуда.

Александра Ермеева, СҚО бойынша спорттық бал билерінен аға жаттықтырушы:

– Биылғы жылғы турнир ерекше форматта – спорттық сайыс әрі шоу ретінде ұйымдастырылуда. Яғни, балалар тек қана спорттық сайысқа қатысып қана қоймай, өз өнерлері мен креативті би көрсету мүмкіндігіне ие болады. Бұл біздің көрермендерімізге ұнайтынына сенімдімін.

Ал күзде облыс орталығында спорттық бал билерінен ашық республикалық чемпионат өткізілмек.

 

Эльмира Садвокасова