МТРА жаңалықтары

СҚО-да “Мерейлі отбасы” байқауы өтті

Анархан Дүйсенова, СҚО әкімінің орынбасары:

– Бұл байқаудың жастарды тәрбиелеуде үлесі зор. Бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау, отбасындағы мызғымас татулықтың кепілі.

“Отбасылық мәселе”, “Әкем, анам және мен – спорттық отбасы”, “Ата-ана мақтанышы”. Жеңімпаздар осы сынды 9 аталым бойынша марапатталуда. Ермұхановтар әулеті ең еңбексүйгіш команда деп танылды. Ерлі-зайыпты Ердан мен Гүлмира – ұстаздар. 15 жыл отасқан жұп Ернар мен Дамир есімді екі ұл тәрбиелеп отыр.

Дамир Ермұханов:

– 5 жыл футболмен айналысамын. Еңбегім жанып, “Қызылжар” клубына қабылдандым. Жетістіктерім көп.

Гульмира Ермұханова, Тайынша агробизнес колледжінің оқытушысы:

– Біз жолдасымыз екеуіміз 23 жыл сабақ беріп келеміз. Өз балаларымызға да, шәкірттерімізге де тек білім беріп қоймай үлкендерді сыйлауды үйретеміз. Бүгін, міне тәжірибелі, еңбек сүйгіш отбасы ретінде марапатталып отырмыз.

Әр отбасы өзінше ерекше. Бірі спортты сүйсе, келесісі қайырымдылықпен айналысқанды жөн көреді. Өз перзенттерінен бөлек жетім балаларды асырап отырған жұптар да бар.
Залдың құрмет-көшеметі жеңімпаздарға ауды. Бірінші орынға Қызылжар ауданының намысын арқалап келген Некібаевтар әулеті лайық деп танылды. Қожатай Сейтахметұлы – соғыс ардагері. Жұбайы Айшамен отасқандарына келер жылы 70 жыл толады. Ақсақал алтыннан да артық той деп қалжыңдап қояды.

“Мерейлі отбасы” атанғанған тағы бір отбасы – Пархоменколар. Александр мен Зарема 26 бұрын үйленген. 4 бала тәрбиелеп отыр. Кішісі – 2 айлық Алинаны бүгін үйде қалдырып келіп отыр. Екінші орынды мамлюттік Омаровтар мен Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Тасмағанбетовтер әулеті бөлісті. Шалақындық Андреевтер мен петропавлдық Темірхановтар үздік үштікті қорытындылады. Барлығы да бағалы сыйлықтармен марапатталып, ЕХРО билеттерін сыйға алды.

Акбопе Танирберген