Спорт

ҚР ҰҚК төрағасының кубогі үшін турнирдің іріктеу кезеңі бастау алды

Айдарбек Сапаров – Облыс әкімінің бірінші орынбасары:

– 25 жыл ішінде сіздердің арқаларыңызда еліміз аман, жұртымыз. Үлкен үлес қосып, ынтымақтығымызды сақтаудағы орындарыңыз ерекше.

Жарыстың ашылу салтанатында күш құрылымдары мен теріскейлік спортшылар өз өнерлерін паш етті.

Екі күн бойы қатысушылар спорттың түр-түрінен өз мықтылықтарын дәлелдемек.

Данияр Сибанов – ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

– Турнирге 100-ден астам қызметкер қатысуда. Мұндай аймақтық сайыстар әр екі жыл сайын өткізіледі. Қатысушылар спорттың 5 түрінен, яғни футбол, волейбол, жүзу, ату мен қоян-қолтық ұрыстан бақ сынасады.

Турнир жеңімпазы ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде Солтүстік өңірінің намысын қорғайды.

 

Эльмира Садвокасова