МТРА жаңалықтары

Өңір шеберлері қолданбалы өнерді заманауи тұрғыда дамыту жайында пікір алмасты

Ерғали Сәткенов – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнер пәні мұғалімі:

– Түрлі қыш құмыралар, ағаштан бұйымдар жасаймыз. Балаларды осындай ермекке баулимын.

Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта сәндік-қолданбалы өнердің бастапқы қалпы ұмытылып барады. Тек бір бөліктері ғана заманауи дизайнда кеңінен қолданылады. Қолөнердің қайта жандануы жайында жиында сөз алған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная да айтуда.

Людмила Гривенная – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

– Біз этностардың дәстүрлерінің жалғасуы жайында айтамыз. Егер де табиғи заттардан жасалған түрлі тамаша туындылар сақталмаса, белгілі бір ұлтты елестету мүмкін емес. Сол себепті, қолданбалы-өнерді дамыту керек. Оның үстіне бұл шағын бизнестің дамуы болып табылады.

“Халықтық сәндік-қолданбалы өнер: қолөнерді жандандыру және әлеуметтік бейімделу”. Осындай атаумен өткен аймақтық ғылыми-әдістемелік семинардың соңында шеберлер бұл істі қоғамда кеңінен тарату жайында пікір бөлісті.

 

Риат Шони