Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл СҚО 2228 түлек ҰБТ тапсырады

Айдос Мұқатаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

– Оның ішінде 1038-і біздің университетте тапсырады. Ол 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында жүреді. Біздің ЖОО-нда екі кезеңмен өтеді. 21-ші және 23-ші маусымға белгіленді. Сәйкесінше 22-сі мен 24-і апелляция күні болады.

Биыл облысымызда маңызды емтиханнан сүрінбей өтіп, мектеп бітірушілердің 140-ы алтын белгіге, ал тағы 215-і үздік аттестатқа лайықты екендіктерін дәлелдеулері тиіс. Бірақ, түлектердің дені ҰБТ-дің жаңа форматы болатындығына алаңдаулы. Десе де мамандар бұл өзгертулер үміткерлерге ЖОО-на түсу мүмкіндігін арттырып отыр дейді.

Айдос Мұқатаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

– Былтырдан бергі ерекшелігіміз ҰБТ және кешенді тестілеуден тиісті бал ала алмай қалған үміткерлерге ЖОО-ның ақылай бөліміне түсуі үшін арнайы тест жүргізіледі. Ол 1-ші 8-ші тамыз аралығында өткізілмек.

Ағымдағы жылы түлектер мектепішілік 5 емтихан тапсырады. Оның 4-уі міндетті болса, 1-уі мектеп бітірушінің қалауы бойынша. Жалпы ағымдағы жылы үміткерлердің дені жаратылыстану-математика бағытын таңдаған. Мәселен, биыл олардың 1561-і биология пәнін және тағы 719-ы физиканы қалаған.

 

Айгерим Ержанова