МТРА жаңалықтары

Өңірде “Экологиялық марофон” акциясы бастау алды

Тағы, мұнда үйіліп макулатура да жатыр. Қағазбен картонның салмағы шамамен 70 келі. Жарамсыз дүниелерді пайдаға жарату үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары “Вторсырье” серіктестігіне тапсырмақ.

Қуан Есімов – СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

– Ескірген электрондық және электр аспаптарынан арылу проблемасы тұр. Бұл затттарды жай лақтырып тастауға болмайды. Құрамында қауіпті химиялық заттар бар. Пайдалы металдарды да кездестіруге болады.

Жарамыз заттарды “Вторсырье” серіктестігі “Экологиялық марофон” акциясы аясында қабылдауда. Аталмыш шара өңірде бүгін басталып отыр. Кәсіпорын алдағы уақытта макулатура мен істен шыққан электрондық құрал-жабдықтарды Алматы қаласына қайта өңдеуге жібермек. Ал, тапсырушы жақ сый-сияпатсыз қалмайды.

Қайыржан Айсин – “Вторсырье” ЖШС директоры:


– Экологиялық марофон” акциясына қатысып, қажетсіз дүниелерді тапсырған мекемеге кеңсе тауарлары және көшетке сертификат беріледі. Шараның басты мақсаты – ауаны ластамау. Табиғат аясында зиянды қалдықтарды тастамау болып табылады. Акция 1 жылға созылады. Біз соңғы 5 ай ішінде Алматыға 40 тонна макулатура мен 4 тонна электрондық техниканы жөнелттік.

Айта кетейік, акцияға кез-келген тұрғын қатыса алады. Ол үшін қаламыздағы “Сокол” және “Карона” сауда үйлеріндегі қабылдау пунктіне жарамыз заттарды өткізу керек. Аталған орталықтарда “Вторсерье” кәсіпорынының өкілдері аптаның әр күні макулатураның келісін – 20, ал электрондық заттардың келісін 10 теңгеден сатып алады.

 

Байболат Құлтанов