МТРА жаңалықтары

Мамырдың 27-сі күні барша мұсылман қауымы үшін қасиетті ай басталады

Кенжетай қажы Дүйсенбай – облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы

– Рамазан айында Қазақстанның барлық мешіттерінде Құтпан намазынан кейін Тауарық намазы қоса оқылады. Соған біз арнайы Түркиядан қарилар шақырттық.Және өзіміздің дайындаған 4 қариымыз бар. Олар өңір мешіттерінде құран-хатым түсіретін болады.

Жылдағы дәстүр бойынша оразаның алғашқы күнінде облыстық«Қызылжар» орталық мешітінде 500 адамға дастархан жайылып, ауызашар беріледі. Бұдан бөлек, мұнда тәжік, түрік, ауған сынды 8 диаспораның өкілдері де үстел жаймақ ниетте. Ол үшін Алла үйінің маңында қосымша екі киіз үй құрылмақ. Бас имам Кенжетай қажы Дүйсенбайдың айтуынша, жыл санап ауыз бекітушілердің де қатары артуда. Бұл ретте ол нәпсісін тыюға алғаш рет ниет еткен адамдарға өз кеңесін берді.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:

 

– Бастапқы 3 күнге шыдаса, ары қарай оңай болоады. Бастысы ащы тағамдар жемеу керек. Өйткені, адам шөлге шыдай алмайды.

Ал денсаулығы сыр бере бастаған қариялар мен емізіп жүрген баласы бар жас аналар ораза ұстамай, оның орнына бір адамды түскі және кешкі аспен тамақтандыруы тиіс. Осылайша, олар парыздары өтелмек. Ал ауыз бекітулерін әдейі тоқтанқандар кафаратпен жазаланады. Яғни, олар қосымша тағы 60 күн нәпсісін тыю керек екен.
Бұдан бөлек, мұсылман халқы пітір садақа да жасауы тиіс. Ағымдағы жылы ол жан басына 300 теңгені құрап отыр.

Айгерім Ержанова