Құқық қорғау органдары

Өңірдің эпидемиолог мамандары оқу-жаттығу жиынын өткізді

Жолсеріктер болса, іштегі жолаушыларды сыртқа шығарып жатыр. Сценарий бойынша бұнда бір науқас денге вирусын жұқтырған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысынан келе жатыр. Тез арада эпидемолог мамандар пойызға кіріп, науқасты тексерді.

Болат Нұрмағамбетов – Көкшетау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы:


–  Эпидемияны алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелердің дайындық барысын анықтау үшін жаттығу өткізіледі.

Жалпы дүниежүзілік денсаулық ұйымының ақпаратына сәйкес әлемде жыл сайын 50 млн-нан астам адам денге вирусын жұқтырады. Оның 20 мыңы, өкінішке қарай, көз жұмады. Негізінен бұл індет тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездеседі. Біздің ел бойынша ол Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында жұқтырып алуға болады.
Биыл денге дертіне үш отандасымыз шалдыққан. Абырой болғанда, өлім тіркелген жоқ.

Болат Нұрмағамбетов – Көкшетау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы:

 


–  Бұл дерттің табиғи ошағы бар. Адамды кене шаққанда денге вирусы жұғуы мүмкін. Тез арада дәрігерге қаралу керек. Өйткені арты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Риат Шони