МТРА жаңалықтары

Петропавлдықтар тасқыннан кейін саяжайларын қалыпқа келтіруде

Алефтина Гришина:


– Сәуірдің 24-де су біздің бақшаларды басып қалды. Содан мамырдың 10-да соққанымда су терезеден келіп тұрған. Бәрі астаң-кестең. Барлық заттарды лақтыру керек болатын сияқты. Қоқыстың барлығы ағып келген. Жазда немерелеріммен осында демалатынбыз, оларды жидекке тойдыратынмын. Бәрнен бұрын олардың көңіл күйі төмен.

Бұл маңда 14 кооперативке бөлінген 3 мың бақша бар. Петропавлдың іргесінде тұрған саяжайды су толығымен басып қалған. Барлығындағы жағдай бір. Бүгін оларға көмекке “Қызылжар су” серіктестігі келді.

2 жүк көлігі мен эскаватр бөлінген. Олар әр ауладан қоқысты шығарып бермесе де көше бойындағы су ағызып тастаған қамыстар мен ағаштарды шығаруда.

Арман Саутов, “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

– Бізге кеше осындағы “Локомотив”, “Водапроводчик”, “Кировец” саяжай коперативтері өтініш жазды. Жолды тазалап беруімізді сұрады. Біздің бас директор бірден техника бөлді. Бұл кооперативтер біздің іргемізде тұр. Сондықтан көмек қолын созуға шештік. Тасқынның зардабын шеккен тұрғындарды қолдауды жөн санадық.

Саяжайдағы көшені бүгін “Қызылжар су” серіктестігі бір күннің ішінде тазалап бітірді.

 

Акбопе Танирберген