Қоғам

Петропавлда байкерлердің қатысумен акция өтті

Әсия Бисембаева – Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы әдістемелік бөлімінің жетекшісі:


–  Бұл акцияны біз Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізудеміз. Кішкентай солтүстікқазақстандықтардың назарын аударту мақсатында көмекке «Свободный мотосоюз» клубының байкерлерін шақырдық. Олар да бірден келісіп, өз үлсетерін қосуда. Негізі біздің ұжым түрлі шаралар ұйымдастырады. Бірақ бұл жолғысы бұрынғылардан ерекшелеу.

Шара Пушкин көшесінен бастау алып, Интернационал, Абай, Әуезов көшелерінде жалғасты. Бұл бағыт бойынша барлығы 10 мотоцикл жүріп өтті.

Кейін байкерлер мен кітапхана қызметкерлері орталық саябақта тоқтап, шараны ары қарай жалғастырды. Николай Ковалев мұндай шараға алғаш рет қатысуда. Биыл азаматтың мотоцикл тізгіндегеніне 12 жыл толыпты.

Николай Ковалев – «Свободный мотосоюз» клубының байкері:

 

– Бұл шара жайлы ғаламтордан білдім. Кейін қатысуды ұйғарып, қызымды да кітапғанаға жаздыртуды ойладым. Бүгін міне, біз де оқырман атанып, өзге кішкентай тұрғындарды кітап оқуға шақырудамыз. Негізі жастардың кітап оқығандары өздеріне жақсы ғой. Ой өрістері дамып, сөздік қорлары молаяды ғой.

Орталық алаңда шара ұйымдастырушылары қала тұрғындарымен тілдесіп, оларға әдеби және ертегі кейіпкерлері жайында сауалдар қойды.

Алдағы уақытта аталған акция дәстүрлі шараға айналмақ.

Айгерім Ержанованың