Облыстық әкімдікте кезекті аппараттық кеңес өтті

Аптадағы маңызды жаңалықтар

14:04 22 Мамыр 2017

2019 жылға дейін өңірде жаңа зауыттарды ашып, мыңдаған адамды тұрақты еңбекпен қамту жоспарда бар. Әзірше, СҚО-сы индустриаландыру картасы аясында азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша республикада көш соңында.

Ратмир Ахметов – облыс әкімінің орынбасары:

– Үстіміздегі жылы 7 жобаны жүзеге асыру көзделген. Айыртау ауданында қалайы, Есіл ауданында алтын өндірісі іске қосылады. Қазіргі таңда кәсіпорындарда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, технологиялар жетілдірілуде. Бұдан өзге аймағымызда құстың қиынан биоэтанол өндіру, қозықұйрық саңырауқұлағын өсіру және қант қызылшасын өңдеу зауыты сынды ауқымды жобалар бар. Алдағы уақытта өңірімізге Қытай мемлекетінен бизнес қауымдастық өкілдерінен құралған делегция келеді. Олар келешекте облысымызда бидай, қой және мүйізді ірі қара терісін өңдейтін зауыттар ашуды жоспарлауда.

Өңірге тартылатын инвестицияның 78 пайызы техникалар мен қондырғыларды сатып алу есебінен түседі. Әлі де болса шағын және орта бизнестің дамуы баяу. Облысымыздағы 5 аудан инвестиция тартуда белсенді емес деді Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Идея көп, бірақ оны жүзеге асыруға құлшыныс жоқ. Жұмыс жүйеленбеген. Қыруар қаражат салынған жобалар келешекте барлық шығындарды ақтау керек. Шикі жобаларды қайта қарап, қателік кеткен тұстарды түзеңіздер. Барлық басқарма басшыларына инвестициялық жобалар әзірлеуді тапсырамын. Біз мелекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін де тиімді пайдалануымыз керек.

Құмар Ақсақалов тұралап қалған кәсіпорындар бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды. Биыл ағаш өңдеу, кірпіш, темірбетон бұйымдарын шығару, құс фабрикасы, ет комбинаты мен жемазық цехы сынды барлығы 6 өндіріс ошағының жұмысы жанданады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Аспан асты елінде қалтасы қалың инвесторлар көп. Бізге оларды басты назарымызға алып, өңірге қаржы құюға көндіруіміз керек. Бізге индустриалдық аймақтар үшін жаңа жер телімдерін бөлудің қажеті бар ма? Одан да тұралап қалған кәсіпорындар базасында қаңырап бос тұрған ғимараттарды қайта қалыпқа келтіріп, өндірісте пайдаланыңыздар. Бұл іске қала әкімін тартыңыздар.

Бейінді басқарма басшылары ай сайын инвестиция тарту бағытында болып жатқан өзгерістерден өңір жетекшісін хабардар етуі тиіс. Аймақ басшысы кәсіпкерлікке қатысты мәліметтердің бәрі қолжетімсіз деді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Интернет кеңістігінде жер телімдері, бизнес ахуал, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайлы ақпараттар жергілікті бизнесмендерге, шетелдің қалталы азаматтарына бірдей қолжетімді болуы тиіс. Мағлұматтарды шет тілдерінде де жариялау маңызды.

Сондай-ақ, аппараттық кеңесте әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғалды.

Берік Қасен

Бұдан әрі оқыңыз

Өлкеге биыл келген бірқатар ақхалаттыға көтермеақы берілмеген
Арнайы репортаж
Көлік салығына қатысты сұрақтар талқыланды
Ботаникалық бақ жөнделіп жатыр
Түлектерді жұмыспен қамту сылбыр жүргізілуде
СҚО-да әлеуметтік нан қымбаттамайды
Бұлақ ауылындағы экологиялық жағдай
“Якорь құс фабрикасы” серіктестігінде жаңа корпус іске қосылды
Облыс әкімі Тайынша ауданының тұрғындарын қабылдады
“Nur Otan” партиясының Петропавл қалалық фракциясы бас қосты
Университеттің статусы өзгерді
Жамбыл ауданында атқарылған шаруалар