Спорт

СҚО-да”Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” республикалық акциясы жалғасуда

Шәмшиден Ақышев- Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары,

– Балалардың жол қауіпсіздігіне арналған республикалық акциясы мамырдың 1-нен басталып, маусымның 1-іне дейін жалғаспақ. Мото және авто клубтарының басын қосып Петропавл қаласының ішінде акция өткізіп жатырмыз. Олардың қатысуының мақсаты балалардың жол қозғалысы ережесін сақтауға байланысты бүлдіршіндердің бейнелеген суреттері мен жалаушаларын іліп қала бойымен жүріп өту.

Сонымен автомотошеру басталып кетті. Шараға ұзын саны 10-нан астам екі дөңгелекті темір тұлпар мен 4 автокөлік қатысуда.

Аталмыш шеруге белсене атсалып жатқандардың қатарында 39 жасар Александр Васильевте бар. Байкердің мотоциклді жанына серік еткеніне биыл 26 жыл болыпты.

Александр Васильев – «Северный ветер» мотоклубының мүшесі:

– Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жол-көлік ережелерін біліп, жолда сақ және абайлап жүру үшін осындай шараларды өткізіп тұру керек деп есептеймін. Өйткені, бұндай акция арқылы тұрғындардың назарын аударуға болады.

Интернационал көшесінен бастау алған шеру қаламыздың басты көшелерімен жүріп келеді. Осы қарқынмен ол енді “Жеңіс саябағына ” жетті. Маусымның 1-не дейін жалғасатын акцияға 200 тәртіп сақшысы жұмылдырылыпты. Айта кетсек, облысымызда жыл басынан балалардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Онда 12 бала жапа шеккен.

Тоғжан Ақмағамбетова