МТРА жаңалықтары

СҚО-да кәсіпкерлер жұмысшыларына 13 млн 900 мың теңге қарыз

Қайрат Пішенбаев, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

– 982-сі еңбек қатынасына, 609 қауіпсіздік және еңбекті қорғау, 24 жұмыспен қамту мәселесі бойынша тіркелген. Жазатайым оқиғаға келетін болсақ 2016 жылы 81 оқиға орын алып 89 адам жапа шеккен. 9-ы өлім, 24 ауыр жарақат, 26-сы орташа жарақат 30 жеңіл жарақат алған. Барлығына тексеріс жүргізілген.

Өкінішке қарай, мұндай олқылық биыл да қайталанып отыр. Еңбек инспекциясы Солтүстік Қазақстандағы 150-ден артық кәсіпорынды тексеріп, 25 заңбұзушылықты анықтады. Олардың барлығы – адамның еңбегін пайдаланып, ақысын төлемей отырғандар. Кәсібі өрге домаламай, қанша адамға қарызданып отырған серіктестіктерді Қайрат Пішенбаев жіпке тізді.

Қайрат Пішенбаев, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

– Бүгін де өңірдегі 25 серіктестіктің қарызы 13 мон теңгеден асып кеткен. Олар жауапқа тартылады.

Жұмыс берушілер еңбеккердің ақ адал еңбегінің ақысын ғана төлемей отырған жоқ. Көп кәсіпорындарда олардың қауіпсіздігі де ескерілмеген. Жұмыскерлермен келісімшарт жасаспаған. Мамандарды оқытпаған. Аталған олқылықтардың беті тек жазатайым оқиға орын алғанда ашылып жатады. Мәселен, биыл өңірде мұндай 20 жағдай тіркеліп, соңы екі адамның өлімімен аяқталып отыр. Тексеріс нәтижесі кінә жұмыс берушінің салғырттығынан екенін көрсетті.
Ал жұмыс барысында адамның жарақат алуын жасырып жапқан “Возвышенка” шаруа қожалығы мен Петропавлдағы “Горизонт” ЖШС-де жазадан құтыла алмапты.

 

Акбопе Танирберген