МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясы СҚОФ фракциясының отырысы өтті

Мұндағылар жоспарды асыра орындап, 1920 маманды оқытыпты. Бұдан басқа, Солтүстік Қазақстан ел бойынша жемқорлық ең аз тіркелген өңірлердің көшін бастап тұр деді.
Сондай-ақ, бүгін депуттарды облыста мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы жайы қызықтырды. Биыл “Нұрлы жол” бойынша өңірдегі республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеуге ел қазынасынан 7,5 млрд теңге бөлінген боалтын.

Болатбек Айтбаев, “ҚазАвтоЖол ҰК” АҚ СҚОФ директоры:

– 6,5 млрды республикалық маңызы бар жол Петропавлдан Жаңажолға ждейін қайта жаңғырту жұмыстарына, 1 млрд теңге Петропавл қаласындағы жолдар мен темір жол арқылы өтетін көпірге бөлініп жатыр.

Жалпы Солтүстік Қазақстан аумағында 60 км жол жаңғыртылмақ. Оны 2018 жылдың күзінде аяқтауды жоспарлап отыр. Ал, биыл ғана іске қосылған “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы теріскейліктер ендігі үй алып үлгерді. Наурыз айында Береке шағын ауданында 80 пәтерлік баспана өз иелерін тапқан болатын. Мамырдың соңында мемлекеттік бағдарламаның арқасында тағы 100 жерлесіміз қоныс тойын тойлағалы отыр.

Владислав Лукин, СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Ағымдағы жылы 1446 пәтерлік 16 тұрғын үйді салып, пайдалануға беру жоспарланған. “Нұрлы жер” бағдарламасының басты жобасы – бірыңғай жер үйлер тұрғызу. Бұл үшін бізде Солнечный кентінен жер бөлінді. 80 үй салынатын болады. Қазірдің өзінде инженерлік коммуникациялық жүйелерді тарту үшін Ұлттық қордан 1.3 млрд теңге бөлінді.

Өңірде спорттың дамуы қандай? Бұл жайлы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин баяндауда. Айтуынша Солтүстік Қазақстан бұқаралық спортпен айналысушылар саны бойынша ел көлемінде екінші орында тұр. Сәйкесінше спорт нысандарының саны да арта бермек. Қазір Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Облыс орталығында әмбебап теннис орталығы салынып жатыр.

Акбопе Танирберген