Қоғам

Петропавлда “Музей түні” өтті

Биыл Петропавлда «Музей түні» «Туған жердің аңыздары» тақырыбымен ұйымдастырылуда. Бұл ретте облыстық тарихи-өлкетану музейінің 13 залында келушілерді түрлі шоу-бағдарламалар мен тосын сыйлар күтіп тұрды. Мәселен, мына жерде ұл-қыздар бұрынғы замандағы әдіспен от жағуды үйренді. Сонымен қатар, бірнеше қызықты сұрақтарға да жауап берді.

Ал, мына бөлмеде қонақтар тылсым әлеммен байланыс жасай алатын бақсымен таныса алды. Дәл қазір ол өзінің ерекше аспабының көмегімен көктен жаңбыр тілеп, желді тоқтатуда.

Ерекше қасиетке ие адамның рөлін музейдің экскурсия жүргізушісі Жансұлу Бекенова сомдауда.

Жансұлу Бекенова – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Бұрындары бақсылардың іс-әрекеттерін көрсетуге тырыстым.

Бұл күні жерлестеріміз тек қана аңыз кейіпкерлерімен ғана емес, өздерінің арғы аталарын да зерттеп олардың мекендеген жерлерін білу мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін келушілер мына дөңгелек үстелдің басында отырған тарихшы, генеалог Серік Дүйсеновпен тілдесті.

Серік Дүйсенов – тарихшы, генеалог:

 


–  Бүгін маған келушілер көп. Барлығы да өздерінің ата-тектері жайлы білгісі келеді. Мен шамам келгенше оларға бар білгенімді айтудамын. Жалпы, өз арғы аталары жайлы зерттеуді өз үйіңнен бастау қажет. Яғни, бұрынғы суреттерді қарап, ескі құжаттарды ақтарған жөн. Ата-әжелермен де әңгімелесу қажет. Ал, егер ата-бабаларыңыз 1917-ші жылға дейін СҚО-н мекендесе, онда облыстық мұрағатқа барған абзал.

Бұдан бөлек, музейге келушілер қазба жұмыстарына қатысып, өздеріне бойтұмар жасай алды. Батырдың кимін киіп, суретке де түсу мүмкіндігіне ие болды.

–  Музей керемет. Өзіме жаңа ақпараттар алдым. Батырдың кейпіне еніп, оның киімін кидім. Қылышты ұстау қиын, өте ауыр екен.

–  Бүгінгі кеш маған ұнады. Мен қазба жұмыстарына қатыстым және өзіме бойтұмар жасап алдым. Енді оны үйіме апарып, бөлмеме іліп қоямын.

Музей түні акциясы мұнда түнгі 23:00-ге дейін жалғасты. Дәл осындай акция республикамыздың барлық мұражайында өткізілді. Ал олардың саны Қазақстанда 250-ге жуық. Айту керек, алғашқы музей елімізде ресми түрде 1931 жылы Орынборда ашылған.

Эльмира Сәдуақасова