Балалар

Маусымның 5 күні өңірдеге сауықтыру лагерьлері ашылады

Анатолий Тарахтун – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

– 2017-ші жылы 60 мыңнан астам оқушыны жазғы демалыстың барлық түрімен қамту жоспарланып отыр. Тынығудың бір түрі, ол – сауықтыру лагерьлері. Облыс аумағында осындай 15 демалыс орны жұмыс істейтін болады.

Оқушыларды жазғы каникулдарын тиімді өткізу басты назарда екені түсінікті. Бірақ, демаламыз деп қауіпсіздік шараларын естен шығармаған абзал. Мәселен, былтыр төтенше жағдай департаментінің қызметкерлі облыста 17 лагерьді тексерістен өткізіп, бірнеше олқылықтар тапқан.

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:


–  Нәтижесінде 7 нысанда 59 бұзушылық анықталды. 7 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 127 мың 260 теңге айыппұл төледі. Бұзушылықтардың дені эвакуациялық шығу жолдарында бөгеттердің болуы, электр құрылғыларының техникалық нормаларға сай жабдықталмауы, өртті сөндіру құралдарының қажетті көлемде болмауы. Тексерістен кейін жауапты тұлғаларға арнайы ұйғарым жазылды. Қазір бұл олқылықтар түзелді. Енді мамыр айында 8 нысанда жоспарлы тексеріс өткіземіз.

Айта кету керек, өткен жылы Тимирязевте бір және Айыртау ауданында жекеменшік екі лагерь жұмыс істеген жоқ. Өйткені, санитарлық талаптарға сай болмады. Биыл барлық демалыс орнында орталықтандырылған су жүйесі бар.
Лагерьлерге билет құны 13 пен 20 мың теңге аралығында тұрады. Қаражаттың көбі тамақтануға кететіні сөзсіз. Сол себепті, мамандар асханада жұмыс істейтін қызметкерлерді қатаң тексерістен өткізуді талап етіп отыр.

Гүлнәр Сейітова – Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Маусым айында тексеріс ұйымдастырамыз. Егер демалу орындары санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз ашылса онда тиісті құжаттар білім басқармасына жіберіліп, кейін прокуратурға жөнілтіледі. Сондай-ақ, асханада жұмыс істейтіндер міндетті түрде медициналық тексерістен өтулері қажет. Аспаздардың барлығы білікті әрі тәжірибелі болсын. Бұдан бөлек ас әзірленетін жерге және азық-түлік сақталатын қоймаға кез келген кіре бермеу керек.

Маусымның 10-і күні елордада бүкіл әлем көз тіккен “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылады. 3 бойы өтетін бұл ауқымды шараға өңірден 11 мыңнан астам оқушыны апару жоспарланып отыр.

 

Риат Шони