Мәдениет

Мамырдың 21-і – мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күні

Мейрам Ырыспаев – шебер, М. Жұмабаев ауданы:

– Арқан жылқының жалы мен құйрық шашынан өрілген. 100 жыл жатса да шірімейді. Оны жылқы кемірмейді.

Фоеде оркестр түрлі аспапта әсем шығарма орындап жатыр. Келушілер
залға жайғасуда. Мәдениет ошағында ақын-жазушылар, суретшілер, биші, режиссер, актер, кітапханашы, мұрағатшылар бас қосты. Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен облыс әкімінің атынан орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады. Осында отырғандар облыстық, аудандық маңызы бар шаралардың басы-қасында жүреді. Мемлекеттік, ұлттық, діни мерекелерді ұйымдастырады.
Бұл жандардың сарқылмас шабыты мен өз ісіне деген сүйіспеншілігінің арқасында мәдениет саласы алға басып келеді. Саланатты жиында еңбегімен ерекшеленгендер облыс әкімінің Құрмет грамотасы, басқалары Алғыс хатымен марапатталды. Шал ақын аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлнар Әбілқайырова 17 жылын осы салаға арнаған.

Гүлнар Әбілқайырова – Аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, Шал ақын ауданы:

– “Өзім құрған “Балқадиша” ансамбілне жақында халықтық атағы берілді. Бүгін облыс әкімінің Алғыс хатын алдым. Бүгін мен үшін екі бірдей қуаныш.

Облыс әкімі Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры және облыстық филармонияға су жаңа қос газель көлігін сыйлады. Өнерпаздар гастрольдік сапарларымен жиі ауыл, аймақтарға шығып тұрады.

Қайырлы Ғафуров – СҚО филармониясының Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері:

Облыстық филармонияда барлығы 200-ге тарта адам еңбектенеді. Облыстық әкімдік тарапынан жыл сайын қолдау көрсетіліп жатады. Оркестірлерге жаңа киімдер тігіліп, жаңа аспаптар алынуда.

Салтанатты жиында екі жерлесіміздің кеудесіне “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісі тағылды.

Таңат Бейсенбаев – СҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бөлімінің басшысы, Мәдениет саласының үздігі:

– Облысымызда мәдениет саласын жақсы дамып келеді. Жастарымыз республикалық халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Бұл осы сала мамандары еңбегінің беріп жатқан жемісі деп ойлаймын.

Бүгінде облысымызда 2,5 мың солтүстікқазақстандық мәдениет саласында жемісті еңбек етіп жүр. Марапаттау рәсімінің соңы меркелік концертке ұласты.

Берік Қасен