МТРА жаңалықтары

Қыз баланың тәрбиесі – басты назарда

Әдия Ахметова – Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне баса назар аударған. Өкінішке қарай, соңғы кезде бұл тәрбие ақсап қалды деп айтуға болады. Заман ағымына сай, біздер көптеген көңілден шықпайтын жағдайларға тап болып жатырмыз. Инабаттылық, әдептілік қазақ қыздарының бойынан жоғалып бара жатқан сияқты.

Осы жоғалып бара жатқан қасиеттерді қайтадан қыздар бойына сіңіріп, оларды отбасы ұйытқысы, әдепті, адал жар болуға, тіпті қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға үйрету міндеті тұр қоғам алдында. Бұл істі былтырғы жылдың қарашасынан бастап аталған оқу орны да қолға алыпты. Колледжде «Инабат» және «Надежда» атты екі клуб ашылған екен. Оның құрамына білім ошағының барлық студент қыздары кіреді.

Сағыныш Тоқтамысова – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

– Тамақ пісіреміз онда. Құрақ-көрпе тігумен айналысамыз. Киімдер тігіп үйренеміз. Негізгі мақсаты – қыздарға жақсы тәлім-тәрбие беру. Оларға болашақта қандай ана болу керектігі, оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігі айтылады.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер жиі өткізіліп, студент қыздар арасында тәрбие жұмыстары қарқынды жүргізілмек.

 

Магжан Ахмадина