МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Мерейлі отбасы” сайысының қалалық кезеңі өтті

Сейіт Темірханов – сайысқа қатысушы:

– Қарғам біреудің ала жібін аттама, ғайбат сөз айтпа дейтін әкем. Тыңдады. Біз де балаларымызды солай тәрбиеледік. Қазір 7 балам бар, 7-уі де 7 үй болып күн көріп отыр. Төртеуі осы қалада, қалғаны Астанада тұрады.

Сейіт Темірханов өмірінің көп жылын білім саласына арнап, Еңбек ардагері атанған. Қазір оның жолын 3 қызы мен 1 немересі қуып, шәкірт тәрбиелеуде.

Шынар Темірханова – Сейіт Темірхановтың қызы:

– Әкеміз мұғалім болды. Оған қарап біз де бой түзеп, бірінші сыныптан ұстаз болуды армандадым. Мақсатыма жеттім. Бізді тәрбиелеген кезде еңбекқорлыққа, адалдыққа, шыншыл болуға тәрбиеледі. Ата-анамызды жақсы көреміз.

Темірхановтар жанұясынан бөлек «Мерейлі отбасы» сайысының облыстық кезеңіне тағы 4 отбасы жолдама алды. Енді олар шаһар намысын мамыр айының 26-сы күні қорғайтын болады.

 

Айгерим Ержанова