Ауыл шаруашылығы

Өңірдің жер емген диқандары көктемгі дала жұмыстарына 12 мамыр күні шықты

Геннадий Зенченко – “И.Зенченко” ЖШС директоры:

– Біз қазір рапсқа арналған алқапта тұрмыз. Көктемгі тыңайтқыштарды дәнмен бірге сіңірудеміз. 4,5 мың гектар жерге майлы дақылдар, 12 мыңына бидай себеміз. 450 га бұршақ тектес дақылдарға тиесі. Техника барлығы жөнделген. Тыңайтқыштар бар. Тұқым элиталық. Гибдритталған рапсты себудеміз.

Облыс әкімі, техника базасының жаңа болуына әрі өнімділігі жоғары техниканы көп жұмылдыруға мән беру керек деді. Себебі олардың қуаттылығы жоғары. Қазір біз бастысы ауыл шаруашылық саласын көтеруіміз қажет дейді өңір басшысы.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Парға қалдырылған жерлерді ұлғайтып жатырмыз. Майлы дақылдарға деген сұраныс көп, бағасы да қымбат. Сондықтан оны өсіру қажет. Келер жылы да майлы дақылдардың алқабын ұлғайтамыз. Тіпті, олардың көлемін 1 млн га дейін кеңейтуге болады. Оған күшіміз жетеді. Қазір біз элеваторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Олар майлы дақылдарды кептіріп, тазалап, сақтаулары керек. Ауыл шаруашылығының әлеуеті зор. Ол экономикаға да, өнеркәсіп пен тауар айналымына да әсер етеді.

Өткен жылы “И. Зенченко” ЖШС гектарынан 25 центнерден өнім алыпты. Мемлекеттік қолдаудан да кенде емес. Өсімдік шаруашылығына деп былтыр 41 млн теңгеге жуық қолдау алған. Сонымен қатар танап басында өңір жетекшісі Аққайың ауданының диқандарымен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарына қатысты ақпаратты сұрады.
Өңір басшысы алдағы уақытта облыста кей ауыл шаруашылық техникаларын өзімізде құрастыруды қарастырып жатырмыз деп, жоспарымен бөлісті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Министрлікте машина құрылыс департаменті құрылды. Біздің нақты ұсыныстарымызды Үкіметте қарастыратын болады. Ауыл шаруашылығына қатысты мәселелердің барлығы, оның ішінде машина құрылысы біздің облыста болуы керек. Біздің қызығушылығымызды тудырып отырған ұсыныстарда бар, соларды жан-жақты талқылап жатырмыз.

Аграрийлердің барлығы дән себуге кіріскен. Жердің құнарлылығын арттыру үшін минералды тыңайтқыштарды да сіңдіруде. Енді, жаз бойы егінді баптап, мол өнім алуға талпыну керек.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Биыл облыс бойынша 4 млн 222 мың га алқапқа дән себіледі.. Оның ішінде 712 мың майлы дақылдар. Бір жылдың ішінде біз оны егетін жерді 30 пайызға дейін көтеріп отырмыз. Ең бірінші мақсатымыз,өнімді жинап алып, өңдеп және экспортқа шығару. Жыл соңына дейін крахмал мен глютенді (сүйек желім) шығаратын боламыз. Сонымен қатар, Орта Азия мен Қазақстандағы ең үлкен ет өңдейтін зауыт жуық арада іске қосылатын болады.

Биылғы жылы аудандардың көпшілігі егіс алқаптарының көлемін ұлғайтып отыр. Әсіресе, майлы дақылдарға тиелісі танаптардың саны артты. Аққайың ауданының шаруалары да майлы дақылдарды себу үшін жер көлемін 5 мың га-ға ұлғайтқан.

Еркін Жақыпов – Аққайың ауданы әкімінің орынбасары:

– Егетін егіндеріміз осы жылы 211 мың га. Дәнді-дақылдар 151 мың га. Бүгінше 38,9 мың га егілді. Яғни 25 пайыз. Майлы дақылдар жоспар бойынша 35,8 мың га. Бүгінше 60 пайызы егілді. Жанармаймен барлық шаруа қожалықтары қамтылған. Посевной комплекстар 56. Алқап өсті. 5мың 600 майлы дақылдарды өсірдік. 3 мың 400 дәнді-дақылдарды өсірдік.

Техникалары мен тұқымдарын, жанар-жағармайын және тыңайтқыштарын сайлап алған диқандар, енді ауа райының ыңғайлы болғанын тілеуде. Олар әзірге күн ашық тұрғанда, барынша мол алқапты игеруге бел буып отыр. Жалпы, облыста егіс науқаны маусымның біріне дейін аяқталады деп күтілуде.

 

Риат Шони