Көлік және жолдар

Өңірдегі жолдарды жөндеуге ел қазынасынан 12,5 млрд теңге қаражат бөлінді

Андрей Волощук – “Мостотряд-25” ЖШС учаске басшысы:

– Бұл көпір екі бөліктен тұрады. Біз оны қосып, біріктіретін боламыз. Сонымен қатар, 16 метрге ұзартылады. Қазір істің 10 пайызы тыныдырылған. Биылғы жылға 900 млн теңге қаражат бөлінді. Ал жалпы көпірді жөндеуден өткізуге 1 млрд 200 млн теңге қаржы берілді.

Бұл жерде қазір 17 бірлік техника жұмылдырылған, 64 адам бел жазбай еңбек етіп жатыр. Айта кету керек, жоспар бойынша көпір маусым немесе шілде айында бір жылға жабылады.

– Мына көпірдің астымен екі бірдей темір жол рельсі өтеді. Оның үстіне екі аралықтың қашықтығы – 24-ақ метр. Ол әрине жүйіткіп келе жатқан пойыздар үшін қауіпсіз. Сол себепті екі аралықты 34 метрге дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Биылғы жылы тас жолдарда ауқымды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінде өңірде республикалық маңызға ие 1468 шақырым жол болса, соның 310 километрінің жағдайы көңіл көншітпейді. Бұларды жөндеуге ел қазынасынан 12,5 млрд теңге қаражат бөлінген.

Болатбек Айтбаев – “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ СҚОФ директоры:

– Бұл қаражат Петропавл қаласынан Жаңажол шекаралық пункті бағытындағы жолдың жөндеуіне, 1,2 млрд-ы Қарақоға шекаралық пункті мен Омутки өзеніндегі көпірді жөндеуге жұмсалады.

Жасыратыны жоқ, биылғы жылғы көктемгі су тасқыны өңірге біраз шығын әкелді. Жерлестеріміздің үйлерін басып қана қоймай, күнделікті қатынайтын жолдарды да шайып кетті. Әсіресе, Ғ.Мүсірепов ауданында.

Болатбек Айтбаев – “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ СҚОФ директоры:

– Бізде Рузаевка-Көкшетау және Петропавл-Жезқазған бағытындағы жолдарды үш жерден су шайып кетті. Бұнда қазір су өткізгіш құбырларды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы былтыр өңірдегі жолдарды қалыпқа келтіруге ел қазынасынан 14 млрд теңге бөлінген екен. Аталған сома республикалық маңызға ие жолдардың 87 шақырымын қайта және орташа жөндеуден өткізу мен оларды күтіп ұстауға жұмсалды.

 

Риат Шони