МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Тіл шебері – 2017” облыстық байқауы өтті

Бұл тапсырмадан 25 жастағы Қадырбек Жақсылық ойдағыдай өтті. Жас маман бұндай байқауға алғаш рет қатысуда. Алайда, сұрақтарға мүдірмей үш тілде де жауап беретініне нық сенімді.

Қадырбек Жақсылық – Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің экономисті:

– Мен байқауға өз білімімді тесеру үшін қатысып отырмын. Қазақ тілі және орыс, ағылшын тілдерін менгерген адам үшін болашақта түрлі мүмкіндіктер көп болады деп ойлаймын. Өзім ағылшын тілін колледж бітірген соң терең оқи бастадым. Түрлі американдық достарым болды. Солармен сөйлесі, хат алмасу арқылы, бүгінде тілді меңгеру деңгейім жақсы. Бүгін бұл жинаған тәжірибемді конкурста көрсетпекпін.

Байқауға жергілікті мемлекеттік органдардың 21 мен 29 жас аралығындағы қызметкерлері қатысуда. Барлығы – 10 үміткер. Олардың тоғызы өңір аудандарының намысын қорғап келген. Қатысушылардың өнерін бағалауда ең бастысы тілдерді жетік меңгеру деңгейі, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ескеріледі. Сондай-ақ, орфоэпиялық тұрғыдан дұрыс сөйлеуі мен сахналық мәдениеті де есепке алынбақ.

Әнуәр Тоқпанов – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы:

– Байқаудын мақсаты 3 тілді менгерген жас мемлекеттік қызметкерлері тауып, оларға қолдау көрсету.

“Тіл шебері – 2017” облыстық байқауы мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған. Конкурс жүлдегерлері диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталса, жеңіс тұғырынан көрінген маман қыркүйек айында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алады.

 

Эльмира Садвокасова