МТРА жаңалықтары

Петропавлда өндірістік сала мамандарына арналған семинар бастау алды

Василий Чепухин – ҚР ИЖМ Техникалық реттеу мене метрология Комитетінің СҚО бойынша департамент жектекшісі:

– Елбасы өзінің жолдауында елімізде бизнес саласын жақсарту жайын айтқан болатын. Міне, осыны ескеріп біз семинар ұйымдастырым отырмыз. Жиында құжаттарды стандарттау, жанар-жағармайды қайта өндеу және жол салудың талаптары бойынша әңгіме өрбитін болады. Жалпы, шараға 70-ке жуық маман қатысып отыр.

Елордалық мамандар семинар барысында өндіріс саласының түрлі жаңашылдықтары бойынша дәріс оқыды. Әсіресе, олар Қазақстандағы және Еуразиялық экономикалық одақтың жүйелі реттеу тәртібін түсіндірді. Соңғысы теріскейліктер үшін тіпті қызық болғандай. Жергілікті кәсіпорын өкілдері ұйымның мүшелігіндегі елдердің кәсіпкерлерімен келісім-шарт жасасу, тиісті талаптарды сұрап білді.

Ляйля Айтбаева – Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының бөлім басшысы, Астана қаласы:

– Қазақстан ЕАЭО-ға мүшелік етеді. Біздің елдің тауары сан түрлі шетел асып жатыр. Осы ретте бәсекеге қабілетті өнімді кедергісіз сату мәселесін ескеруіміз қажет. Қазіргі таңда ЕАЭО көп жаңа құжаттар шығарылып жатыр. Бұл біріншіден техникалық реттеуге қатысты. Мұны кәсіпкерлер білсе дейміз. Жалпы, жыл соңына дейін біз 1300-ден аса өндірістік сала қызметкерінің біліктілігін арттыратын боламыз.

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ еліміздың басқа да өңірлеріне ғана емес, көршілес Ресейге де тауар тасымалдайтындығы белгілі. Аталған кәсіпорынның инженер-технологы Наталья Сопина өнімді жаңа талаптар бойынша шығаруды білсем дейді.

Наталья Сопина – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ инженер-технологы:

– Сапалы өнімді саудалау әрдайым оңай. Бұл ретте басқа елдерден келіп түскен сұранысты да тиісті деңгейде орындаған жөн. Олардың талаптарын міндетті түрде ескереміз. Мәселен, Ресейге жіберілген тауар бастан-аяқ бақылаудан өтеді.

Айта кетейік, Петропавлда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру семинары 3 күнге жалғасатын болады. Шара соңында қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталмақ.

 

Култанов Байболат