МТРА жаңалықтары

Халық Банкінің жергілікті филиалы “iPhone 7 смартфонын ұтып ал” PR-акциясын қорытындылады

Темірғали Маекенов – “Қазақстан Халық Банкі” АҚ СҚОФ директоры:

– Банктің “Тұтыну несиесі”, “Несие картасы”, “Жалақылық овердрафт” деп аталатын өнімдері бар. Біз соларды халық арасында кеңінен насихаттау үшін пиар акцияны ұйымдастырдық. Акцияға Халық Банк жүйесі арқылы жалақыны алатын жеке тұлғалар қатыстырылды. Шараға ең кемі 150 мың теңге сомасына несие ресімдеген, карточкасында 70 мың теңгеден төмен емес несие лимиті жинақталған, жалақылық овердрафта 20 мың теңгесі бар тұлғалар таңдалып алынды.
Аталмыш банк өнімдері халық арасында жоғары сұранысқа ие болады деген сенімдеміз.

Акция жеңімпаздарының бірі – Гүлнар Оразбаева 17 жыл бойы Халық Банкінің тұрақты клиенті. Қаржы институтының көрсететін қызметі мен несие пайыздарына көңілім толады дейді. Келіншек бүгін 15 мың теңгенің төлем карточкасын ұтып алды.

Басқаларына жолға қажетті заттар жиынтығы, қабырға сағаты үлестіріліп жатты. Ал қалатұрғыны Денис Загравскийге iPhone 7 смартфоны бұйырды. Ол банктің лимиттік картасын қолданады екен.

Денис Загравский – ұтыс иегері, қала тұрғыны:

– 2003 жылдан бері банк қызметін алып келемін. Қазақстандағы сенімді банктердің бірі деп есептеймін. Өмірімде бірінші рет осындай бағалы сыйлық ұтып алдым. Жақында жұбайымның туған күніне сыйға тартамын.

“iPhone 7 смартфоны ұтып ал” акциясына барлығы 2 400-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты. Соның 27-сі бағалы сыйлықтарға ие болды.

Берік Қасен