МТРА жаңалықтары

СҚО “Қызылжар” орталық мешітінде имамдарға арналған семинар өтіп жатыр

Азамат Сәрсенов – қалалық “Нұр” мешітінің бас имамы:

– Құран-Кәрімде мухкам мағынасы айқын, Мүташабих астарлы мағыналы аяттар бар. Осы соңғысын жат ағымның жетегінде кеткен жастар өздерінше оған мағына беріп жатады. Оның ұғымын бір Алла ғана біледі.  Сол үшін осы аятқа мағына беруге болмайтындығын біз айтып түсіндіруіміз керек.

Емтиханнан сүрінгендер Алматы қаласына біліктілігін арттыру курстарына жіберіледі. Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы “Дін мен дәстүр” және “Жаназа және жерлеу рәсімдері” атты тұсауы жуырда кесілген екі кітапты таныстырды. Мұнда алғашқы кітаптың бірінші томы 2013-ші жылы жарық көрген. Екіншісі отбасы құру, жар таңдау, дәстүрлі діннен ауытқу сынды деген өзекті мәселелерді қамтиды. Ал, келесі туынды дүниеден озған адамды шариғат заңы бойынша жерлеу тәртібін егжей-тегжейлі баяндайды.

Сансызбай Құрбанұлы – ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі:

– Ата-бабамыз үлкен жерді қалдырған. Бірақ, бұл жерде де атақ-абыроймен таласа бет-алды жоқ күмбез, мазарларды орната берген. Бұлай бола берсе Қазақстан емес “қабірстан” болып кетеді. Шариғат бойынша зират толғаннан кейін 40 жыл өткен соң оны сырып тастап, оған жерлей беруге болады. Аруақтарды құрметтеу керек. Зиратты жай ғана қоршап тастау керек.

Жалпы бұл семинар екі күнге жалғасады.

 

Риат Шони