МТРА жаңалықтары

Петропавлдық “Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшелері қазба жұмыстарынан оралды

Александр Азегов – “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

– Қазба жұмыстарына 24 топ ат салысты. Олардың барлығы ТМД елдерінің өкілдері. Бір сөзбен айтсақ 2000 мыңнан аса адам соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін, құнды заттарды іздестірді. Биыл ауа райы жаңбырлы болды. Дегенмен, біраз дүниені таптық. Мен өзім еске алу вахтасына 25-ші рет қатысып отырмын.

Іздеушілердің еңбегі жемісін берді. Олар 489 жауынгердің мүрдесін көтеріпті. 6-ы солдаттың сүйегін біздің жерлестеріміз тауыпты. Бүгіндері 15- боздақтың аты-жөні анықталған. Шейт болғандардың қатарында қазақстандықтар да бар. Отандастарымыздың бірі – Жамбыл, екіншісі Атырау облыстарының тумалары. Құсбан Борамбаев пен Расул Ұбайдоллаев Ленинград облысы аумағында болған шайқаста оққа ұшқан. Жауынгерлердің есімдері қасыққа және медальонға жазылған екен. Әзірге, олардың сүйегі Ресейде.

– Із-түссіз жоғалған жауынгерлерді мынандай меальондар арқылы анықтайды. Ол корбариттен жасалған. Бұл пластмассаның ерекше түрі бұзылмайды, бүлінбейді, шірімейді. Қандай ауа райы жағдайы болмасын қаз-қалпында сақталынып қала береді. Ал оның ішінде бір жапырақ қағаз бар. Онда жауынгердің ата-жөні, туған жылы, қандай әскери бөлімнен шақырылғандығы жайылы мәліметтерді кездестіруге болады.

Кеңес әскерлерінің көбі бұл медальонға салынған қағазды толтырмады деседі. Өйткені, олардың араларында кім аты-жөнін жазып қалдырса, сол жаудың оғынан қаза табады деген сенім болған. Сол себепті, Александр Анатольевич мыңдаған мүрде анықталмай жер қойнына тапсырылып жатыр дейді. Тағы, жерлестеріміз Ресейден 90-ға жуық құнды заттарды ала келіпті. Оларды кезінде кеңес және неміс әскерлері қолданған. Бұл дүниелердің барлығының тарихын Александр Азегов жақсы біледі.

Александр Азегов – “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

– Это колокольчик. Их использовали немецкие солдаты.

Қазір жәдігерлердің барлығы ескірген, шіріген. Тіпті, оларды бір көрген адам білмеуі де мүмкін.

– Тағы, жерлестеріміз сонау Ресейден мынайдай темір бөлшегінде алып келіпті. Бұл не дейсіздер ғой. Әйгілі, “Катюша” ракетасының алдынғы бөлігі. Снаряд жарылған кезде металл осындай дәрежеге дейін майысып кетеді екен. Бұл да бір тарихи дүние екендігі сөзсіз.

Жалпы, биыл “Саланг” әскери-патриоттық клубына 30 жыл. Осы уақыт аралығында бірлестіктің мұражайында Ұлы Отан, Ауған соғысынан қалған мыңдаған жәдігер жиналыпты. Қазір тарихи мұраның барлығын Александр Анатольевич шіруге қарсы арнайы сұйықтықпен сүртіп, көзінің қарашығындай сақтап отыр.

 

Култанов Байболат