Құқық қорғау органдары

Петропавлда ірі сауда дүкендерінің біріне ұры түсті

Жасұлан Валеев – “Жедел-Күзет” ЖШС күзетшісі:

– Оқиға орнына жеткен кезде біз жас ер азаматтың дүкен ішіне кіруге әрекет етіп жатқанын көрдік. Ол нысанның артқы жақтағы терезесін сындырған. Темір торды алып жатыр екен. Оны қолға түсіргеннен кейін тәртіп сақшыларын шақырдық.00066.

Қолға түскен азамат – Петропавл қаласының 18 жасар тұрғыны. Не себепті дүкеннің терезесін сындырдың деген сұраққа жөнді жауап қатпады. Үйіме жету үшін жолды қысқартпақ болдым дейді.

Күдікті:

– У меня привычка – я ключи всегда в карманы. Я слесарем работаю, у меня по привычке все ключи в кармане. Я по привычке кинул отвертку и это.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алдынды. “Сулпак” дүкеніне заңсыз кіру фактісі бойынша тергеу амалдарымен Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөлімнің тәртіп сақшылары айналысуда.

Серік Арғын – Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөлімнің тергеушісі:

– Аталған факті 188-і бап 2-і пунктіке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүрігізіліп жатыр. Оның аясында заңбұзушылықтың барлық мән-жайы анықталатын болады.

Айта кету қажет, күзет қызметтері мен тәртіп сақшыларының әріптестігінің арқасында жыл басынан 350 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 345 баукеспе ұсталған.

 

Риат Шони