МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “Минута славы” жобасының іріктеу кезеңі өтті

Айгерім Жақсылыққызы – жобаға қатысушы:

– Басында қобалжу болды, себебі техникалық ақаулар кедергі жасады. Бірақ, ойдағыдай өттім деп ойлаймын. Финалға өткім келеді. Бұдан да жақсы өнер көрсететінімді дәлелдеймін.

Әрбір ондық өнер көрсеткен сайын, олардың арасынан топ жарғандар келесі кезеңге жолдама алуда.

Закиржан Мамлютов – жобаның ұйымдастырушысы:

– Жобада вокал, хореография, ерекше жанр, фристайл сияқты өнердің түр-түрі қамтылған. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Қатысушыларға қойылатын басты талап – өзінің қолынан келетін өнерін көрсету. Осы байқау арқылы талантты өнер иелерін тауып, оларды халыққа жария ету.

Жалпы жобаға 50-ге жуық өнер иелері қатысуда. Олардың барлығы өзара бақ сынасып, қазылар алқасын тәнті етуге тырысып бағуда. Бұл – байқаудың ең кішкентай қатысушылары. 4-5 жасар бүлдіршіндердің бимен айналысып жүргеніне аз ғана уақыт болса да көрермен жүрегіне жол таба білді.

Жобаның ең үлкен қатысушы Игорь Помогайбо көрермендерге өзінің жүрекжарды өлеңдерін ұсынуда. Алғаш рет ол 20 жыл бұрын қалам тербеген. Сол уақыттан бері түрлі тақырыпта өлең жазыпты. 77 жастағы қарияның айтуынша олардың әрбірі өзінше ерекше.

Игорь Помогайбо – жобаға қатысушы:

– Бұл жоба туралы газеттен оқып білдім. Бағымды сынап көрейін деп шештім. Себебі, көрермендерді өз шығармашылығыммен таныстырғым келді. Бүгін оларға “Жалғызбасты адам қалай өз бақытын тапты” өлеңін оқимын.

Байқаудың ақтық кезеңі маусым айының 11-ші жұлдызында өтеді. Оған “Минута славы” ресейлік жобасының финалистері арнайы шақырылмақ.

 

Эльмира Садвокасова