Спорт

Демалыс күндері “Жастар” стадионында ашық есік күні өтті

Әнуар Балтабеков – Жұмабек Тәшенев атындағы №20 орта мектептің 5 сынып оқушысы:

– Мен болашақта танымал футболист болғым келеді. Месси, Неймар, Суарес, Андрес Иньеста секілді болғым келеді.

Бүгінгі додада жеңіске жеткен құрамаға доп сыйға тартылмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралардың арқасында балалардың кішкентай кезінен футболға деген қызығушылығын арттыруға болады.

Ольга Остафейчук – футболдан облыстық “Қызылжар” БЖСМ директорының орынбасары:

– Осындай шараны балаларды жастайынан спортқа тарту үшін өткізіп жатырмыз. Ең басты мақсат – жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу. Әсіресе, футбол мен оның айла тәсілдеріне үйрету.

Айта кетсек, “Жастар” стадионында солтүстікқазақстандық аяқдопшылар күнделікті жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдайды. 2004 жылдан бері жұмыс жасап жүрген “Қызылжар” балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгіндері 500 жас футболшы тәрбиеленеді.

 

Тогжан Акмагамбетова