Білім

Жыл басынан облыс орталығында “Білім сапасын үйлестіру мен бағалау сараптамалық орталық” ҚБ жұмыс істеуде

Түлектердің ҰБТ-ге дайындықтарын пысықтауға арналған осы сынды сынақтар жиі ұйымдастырылады. Сондықтан білім алушылар үшін бұл үйреншікті жағдай.
Мәселен, Іңкәр Алтай үшін тапсырмаларды орындауда ешбір қиындық тумады. Барлық сұрақтар Ұлттық Біріңғай тестілеу базасынан алынған.

Іңкәр Алтай – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейд оқушысы:

– Біз ҰБТ-ға 10-шы сыныптар дайындалып келеміз. Күн сайын сабақтардан соң факультативтерге барамыз. Апта сайын тестілеу өткізеді. Сондықтан бүгінгі сынақ қиын болған жоқ.

Білім сапасын үйлестіру мен бағалау сараптамалық орталығы осы жылдан бастап қана жұмыс істеуде. Негізгі бағыт – мектеп оқушыларының білімін сараптап, мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа тиімді бағыт ойластыру.

– Наталья Целуйко – “Білім сапасын үйлестіру мен бағалау сараптамалық орталығы” ҚБ төрайымы:

– Біздің орталық оқушылардың білім сапасын тексеріп, осал тұстарын анықтайды. Алынған нәтижелер бойынша болашақта жұмыс жасайтын боламыз. Педагогикалық ұжым үшін білім беру тиімділігін арттыру мақсатында біздің тарапымыздан ұсыныстар жасалады. Алғашқы болып бұндай сынақты 11-ші сынып оқушылары арасында өткізудеміз.

Күн сайын бұндай тестілеуді 8 білім ошағы тапсырады. Барлығы 800-ге жуық оқушы. Алдағы уақытта сараптамалық орталық басқа да сынып оқушыларының білім сапасын тексермек. Келесі кезекте 1-ші сынып. Олар ағымдағы оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру жүйесі форматында жұмыс істеуде.

 

Эльмира Садвокасова