Денсаулық сақтау

Қалада “Өзіңнің артериялық қысымыңды біл” акциясы өтті

Алкогольдік ішімдіктер мен темек тартудан бас тарту керек дейді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары. Олар бүгін қаладағы дәріханалардың бірінде тұрғындардың қан қысымын тегін өлшеді. 72 жастағы Лариса Вергунаны гипертония дерті 20 жыл бойы мазалап жүр.

Лариса Вергун – зейнеткер:

– Кейде бірнеше күн қатарынан қан қысымым жоғарылап, мазам кетеді. Басым ауырады, жүруден қаламын. Мұның бәрі жас ұлғайғандықтан болады деп есептеймін.

Осындай танометрді үйге сатып алсаңыз артықтық етпейді. Арзаны 3 мың теңгеден басталады. Қан қысымыңыз 139/90 болса, уақыт оздырмай дәрігерге жүгіну қажет дейді мамандар. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, ақ халаттылардың кеңесін сақтаса, қан қысымын бақылауға алуды үйренуге болады.
Тонометр Дмитрий Паладовтың да артериалық қысымы жоғары екендігін көрсетті.

Дмитрий Паладов:


– Күннің құбылмалылығы, жұмыстағы күйзеліс қан қысымының жоғарылауына әсер етеді. Мен қан қысымын түсіру үшін жиі мүкжидек қосылған шай ішіп тұрамын. Қала сыртына шығып, велосипед тебемін. Көбірек табиғат аясында жүруге тырсамын.

Акция аясында дәріханаға келген тұрғындар денсаулықтарын біліп біліп, сұрақтарына жауап алды.

Лейла Аскербек – СҚО бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының валеологы:

– Осындай акцияны қала дәріханалары мен сауда үйлерінде өткізудеміз. Кез келген адам қан қысымын арнай құрылғының көмегімен біле алады. Қызмет тегін. Шараның арқасында біз гипертонияға шалдыққан жандарға есеп жүргізіп, дерттің алдын алу шараларын қолға алмақшымыз.

Көп жағдайда адам организмі гипертония ауруына шалдығуға бейім боп келеді.
Ол адамды жүрек, бүйрек, сал ауруларына шалдықтыруы мүмкін.

Берік Қасен