Мәдениет

Петропавлда ақын Татьяна Пенькошинаның шығармашылық кеші өтті

Татьяна Пенькошина – ақын:


–  Бүгінгі кешімді Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арнадым. Мен жылда осы мерекеден кейін, оқырмандарыммен кездесемін. Тағы, шарада “Холокост” оқиғасына байланысты жазылған өлеңдерім де оқылады. Осы тарихи оқиғаға байланысты “Никогда, больше” атты киносценарий жазудамын. Алдағы уақытта Израильге барып тың деректерді іздеймін.

Ақынның шабыты оянса кез келген тақырыпта қалам тербейді. Дегенмен, нәзікжанды көбіне соғыс жайлы өлең жазуға құмар. Оның шығармаларын оқысақ майдандағы қантөгіс, жаралы жауынгердің өмірі көз алдымызға елестейді.

Бүгінгі шараға ақынның әріптестері, бұрынғы үзеңгілес достары қатысуда. Жиналғандар Татьяна Пенькошинаның туындыларын ұйып тыңдауда. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Любовь Сидорова кеш иесін 20 жылдан бері таниды екен. Содан бастап ол дарынды жерлестеріміздің шығармаларын сүйіп оқиды.

Любовь Сидорова – Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– Алғаш рет ақынның өлеңдерін жергілікті газеттен оқыдым. Шығарма маған қатты ұнады. Сосын Татьяна Пенькошинаны бір мерекелік кеште көрдім. Ол тамаша туындысын оқып барлығымызды таң қалдырды. Оның өлеңдері өте әсерлі, жүрекке жетеді.

Болашақта жерлесіміз өзінің өлеңдерін жинаққа басуды жоспарлап отыр.

Эльмира Садвокасова