МТРА жаңалықтары

Алимент төлемей жүрген әке жауапкершілікке тартылды

Михаил Цуканов:

– Шынымен де мен баламның алдында қарызым бар. Оны өтеуден бас тартып жүргенім жоқ. Мүмкіндігінше көмектесіп тұрамын. Ақша да жіберемін. Бірақ, оны растайтын түбіртектерді алған емеспін. Тұрақты жұмысым да жоқ.

32 жасар азамат алиментті 2015-ші жылдан төлемеген. Қазір оның қарызы 614 мың теңгеден асады. Алдағы уақытта Михаил баласының алдындағы бұл парызын өтеймін деп отыр. Өйткені жақында ғана ол ағасымен бірге жеке кәсібін бастаған. Десе де, судья Гүлжан Талеева борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, бір тәулікке қамауға алу жазасын кесті.
Айту керек, соңғы екі жыл ішінде Михаил Цуканов сияқты 80-нен астам тасбауыр әке заң алдында жауап берген.

Вероника Миронычева – Петропавл қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры:

 

– 2016-шы жылдың қазанынан елімізде «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы іске асырылуда. Ол қарыздарды қайтаруға бағытталған. Яғни, прокурорлар қарызгерлерді жұмысқа орналастырып, олардың балалары алдындағы борышын өтеуге көмектеседі. Нәтижесінде бұл бағдарлама басталғалы 27 млн теңгенің алименті төленген.

Айту керек, қазір Петропавл қаласы бойынша 60 млн теңгеден астам алимент өтелмеген.

Айгерім Ержанова