Құқық қорғау органдары

Үш күндік “Браконьер” жедел-алдын алу шарасы аясында СҚО-да 181 заңбұзушы ұсталды

Айыпталушының су жәндігін аулауға және сақтауға ешбір құжаты болмай шықты. Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Өңірдің тәртіп сақшылары үш күндік “Браконьер” жедел-алдын алу операциясы барысында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 181 фактісін әшкерелеп, 13-іне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Бұдан басқа 171 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн теңгеден артық айыппұл салынды.

Асхат Қожабаев, СҚО ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің инспекторы:

– Облыстың аумақтық бөлімшелерінде өзге де табиғатты қорғаушы қызметтермен бірігіп мобильді топтар құрылды. Атап кетсек, бұған 200 тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Болашақта бірігіп рейдтік шараларды жиі жүргізетін боламыз.

 

Тогжан Акмагамбетова