Спорт

Ресейлік марафоншы Петропавл қаласына ат басын бұрды

Александр Капер – марафоншы, РФ:

– 3 жыл бұрын отбасыммен демалыста болдық. Кейін жұбайым 20 шақырым жерде орналасқан қалаға баруды ұсынды. Сонда маған ол аралықты неге жүгіріп өтпеске деген ой келеді. Сол уақыттан бері ондаған марафонға қатыстым. Ең ауқымдысы – осы “Мәскеу-Бейжің”. Наурыздың 4-інен бастап алпыс тоғыз күн бойы жүгіріп келе жатырмын.

Осы уақыт ішінде марафоншы 3000-дай шақырымды артқа тастаған. Тура бір айдан соң, желаяқтың алға қойған мақсатының тең жартысы орындалады. Күн сайын Александр ондаған шақырымды жүгіріп өтеді. Әрбір жиырмасынан кейін спортшы аялдама жасайды. Оның тынығуы үшін барлық жағдай қарастырылған.

Александр Капер – марафоншы, РФ:

– Бұл автоүйде бізге қажеттінің барлығы бар. Тоңазытқыш, электр плитасы, кереует. 200 күн бойы осы автоүй қасымда еріп жүреді. Шамамен әрбір 3 сағат сайын, осында ауқаттанып, тынығып аламын.

Өзін ресейлік Форест Гамп деп атайтын Александр Капер Қазақстанға алғаш рет келіпті. Өзінің ауқымды марафоны аясында желаяқ Петропавл қаласына ат басын бұруды жөн көрген. Біздің шаһар – желаяқтың жүгіру жолында жалғыз қазақстандық қала. Біздің ел мен Ресейден басқа марафон аясында соғатын Моңғолия елі де бар. Ал, 131 күннен кейін спортшы Бейжің қаласына аяқ басады.

Эльмира Садвокасова