Денсаулық сақтау

Петропавлда баланың омыртқасындағы өзгерісті ерте сатысында анықтайтын құрылғы пайда болды

Қадырбек Болатбаев – “СҚО бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС директоры:

– Биыл 106 жасөспірімді топографиялық тексерістен өткіздік. 30 пайызында омыртқасының өзгеріске ұшырауы байқалды. Бұл – нашар көрсеткіш. Қазақстанда жуық арада тірек-қимыл аппараттарының бұзылуын алдын алу және оны оңалту шараларын қолға алу керек. Сколиоз өсе келе қимыл-қозғалысты қиындатады.

Дәрігерлердің айтуынша әсіресе, омыртқа жотасы 5 пен 7 жас аралығында тым иілгіш келеді.

Қадырбек Болатбаев – “СҚО бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС директоры:

– Сол шақтан бастап баланың дұрыс отыруы, иығына асатын сөмкесінің ауыр болмауын үлкендер үнемі қадағалуы тиіс. Ерте жастан қыздарға ұзын өкшелі аяқ-киім киюге болмайды. Мұның бәрі артынан арқа омыртқасының қисаюына әкеліп соғады.

Көршілес Ресей мемлекетінде ерте жасынан балалардың омыртқа жотасына тегін тексеріс өткізеді. Мұндай скриниг түрі әзірше Қазақстанда жоқ. Жергілікті орталық дәрігерлері заман талабына сай материалдық-техникалық базасын жаңалап, өзге елдің озық технологиясын үйренуге күш салуда. Павел Кривенко күні кеше ғана Ресейден жаңа аппаратты басқарудың қыр-сырын үйреніп келіпті. Мына компьютерлік-оптикалық топография Ресейден жеткізілді. Аппараттың көмегімен баланың дене бітімі мен арқа омыртқасындағы өзгерістерді ерте сатысында анықтауға болады. Құрылғыны 94 жылы Ресей ғалымдары ойлап тапқан

Павел Кривенко – “СҚО бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС операторы:

– Аппарат пайдалануға ыңғайлы. Небары 3 минуттың ішінде компьютерлік бағдарлама мәліметті өңдеп береді. Құрылғыға диотты жарық шамдары орнатылған. Ол адам ағзасына кері әсерін тигізбейді. Рентген сәулесі жоқ. Мұндай аппарт өңірімізде әзірге біреу ғана.

Омыртқасында өзгеріс байқалған бала 6 ай бойы арнайы жаттығулар, физиоемдеу, массаж сынды реабилитациялық шаралардан өтеді. Жарты жылдан кейін дәрігерлер емнің қаншалықты тиімді болғанын осы аппаратпен қайта тексереді.

Берік Қасен