Мәдениет

Есіл ауданының мәдениет күндері өтуде

Ал, әріректе – Тимофей Семеновичтің зайыбының соғыста ерлікпен қаза тапқан күйеуі туралы Есіл аудандық тарихи өлкетану музейінің негізін қалаған Михаил Ключеровке жазған хаттары. Явленка селосындағы музей Солтүстік Қазақстандағы барлық өзге аудандардағының алды болып ашылды. 1972 жылы іргесі қаланған нысан еңбек және даңқ музейі атанған. Сондықтан, мұндағы естеліктердің дені әскери саланы қамтиды.

Әсел Дүйсенбаева, Есіл ауданы тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы:

– 4 мың қордың жартысынан көбін әкуелдік. Әр жәдігер өзінше ерекше.

Ауданның тыныс-тіршілігінен сыр шертетін альбомдар мен кітаптар да қойылған. Есілдіктер өнерден де құр алақан емес екен. 68 жастағы аудан тұрғыны Вячеслав Смирновтың суреттерінде туған жерінің табиғаты көрініс тапқан. Қария бір жұмысын 60-70 мың теңгеге сататынын жасырмады. 1997 жылы бұрынғы Ленин және Мәскеу аудандары қосылып Есіл ауданы құрылды. Ол алып жатқан 5 мың шаршы шақырым аумақ – түгелімен жазық дала. Құр сары атырапты картиналарда түрліше, сұлу етіп жеткізу үшін сол жерде кіндік қанның тамуы тиіс шығар. Қалалықтар қылқаламшының шеберлігіне таңдай қақты.

Ал, Достық үйінде Есіл ауданынан келген “Отрада” ардагерлер ансамблінің мерейтойлық концерті болып жатыр. Мұндағы ең жас әнші 67-ге енді толса, ең үлкені 80-нен асып кеткен. “Асылым” әжелер тобы бүгін құрбыларының шашбауын көтеріп, қолдай келіпті. Бүгін олар да әріптестерін құттықтап, сахнада ән салды.

Алма Бекина, “Асылым” тобының жетекшісі, Есіл ауданы:

– Бұл кісілер отыз жылдығын тойласағ біздің құрылғанымызға 10 жыл. Олардан үйреніп, бірге жұмыс жасап жүрміз.

Бір өкініштісі, 60 елді мекен мен 15 ауылдық округ біріккен өңірдің батысындағы ауданның өнерпаздары қойған концертке келген көрермен саны аз. Ұйымдастырушылар ертең, яғни 12 сәуір Жастар сарайында өтетін Есілдік өнер ұжымдарының гала концертіне қалақытар көптеп келетін болар деп күтіп отыр.

 

Акбопе Танирберген