МТРА жаңалықтары

Жеңіске қосқан теріскейліктердің үлесі

Оның дәлелелі – 1941 жылы түсірілген мына сурет. Петропавлдағы Мемлекеттік архив қызметкерлерінің сөзінше кезінде бейбіт күннің жауынгерлері де Отан алдындағы борышын өтеуге осы жерден шақыртылған. Өңірде соғыс жылдары пайдаланылған ғимараттар жетерлік. Мәселен, локомотив депосы. Онда оқ өтпейтін поездар жасақтаған. Ал, Петропавлға Ресейден көшірілген 6 бірдей зауыт болса жауды жеңуге септескен мина, оқ сынды қару жарақтарды өндіріп жіберіп отырған. Оның барлығы мына құжаттарда тайға таңба басқандай етіп жазылып, сақталған.

Мереке Баймұқанов, СҚО Мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:

– 1941 жылы 6 зауыт көшірілді. Олар керекжарақтың барлығын өндіріп отырған. Радиолар, мылтықтар.

СҚО Мемлекеттік архивінде 10 мыңнан артық сурет қоры бар. Мынауысында 1941 жылы Петропавлда жасақталған 314 атқыштар дивизиясының 3 жауынгері бейнеленген. Түп нұсқа. Соғыс оты өршіп тұрғанда майданға жақын жерлердегі тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілген. Мына құжатта 1942 жылы бір ғана бұрынғы Полудин, қазіргі М.Жұмабаев ауданына 1150 кісі қоныс аударғаны көрсетілген. Ал, мына сурет – тылда тер төккен теріскейліктердің фронтқа қап-қап ұн мен бидай жөнелтіп отырғанының дәлелі. Қару алып соғысқан жерлестер де жаудың бетін қайтаруға үлес қосып, марапатталған.

Мереке Баймұқанов, СҚО Мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:

– Теріскейден кеткен майдангерлердің жартысы оралмады. 55 адам Кеңес одағының батыры атағын алған.

Ұлы Жеңіске қосқан солтүстікқазақстандықтардың еңбегі аз емес. Оның айғақтары, майдангерлер жайлы құжаттар мен суреттер мына кітаптарға енгізілген. Ал, хат-хабарсыз жоғалған майдангерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін соғыстан оралмаған аталары жайлы ақпарды архивтегі құжаттарды ақтарып іздеп отыр.

 

Акбопе Танирберген