Қоғам

Петропавлдықтар қаланы аббаттандыруға белсенді қатысқан

Аян Қасымов – Петропавл қалалық ТКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімі секторының инспекторы:

– Сенбіліктерді өткізуге «Коммунхоз Петропавл» серіктестігі 13 бірлік техника, соның ішінде 9 самосвал мен 4 тиегіш бөлді. Тағы құрылыс және жол жөндеуші кәсіпорындарда техникамен қолғабыс етті. Ал қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс тегін қабылданды. Жалпы осы аралықта қаладан 1700 тонаға жуық қалдық шығарылды.

Тағы Новопавловка мен Жұмысшы кентіндегі зираттарда да тазарту жұмыстары жүргізіліпті. Бұдан бөлек, қала аумағындағы 25 ескерткіш қалыпқа келтірілген.

Аян Қасымов – Петропавл қалалық ТКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімі секторының инспекторы:

– «Коммунстройсервис» серіктестігі 1 шақырымнан астам жолда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізсе, «Казфортис» кәсіпорыны 3 шақырымнан астам жолға қиыршық тас төседі. Ал «Дорсигнал» компаниясы бағдаршамдар мен жол белгілерін тазартумен айналысты. Тағы сенбіліктер барысында бірқатар аялдамалар сырланып, жөнге келтірілді.

Ағаштар отырғызу да жоспарға сай жүргізілген. Жалпы қаланы көгалдандыру бағдарламасы аясында 17,5 мың көшет отырғызылуы тиіс болатын. Соның біразы егілген екен.

 

Магжан Ахмадина