МТРА жаңалықтары

Мамандар Петропавл маңындағы Есіл өзені күн сайын 10-20 см-ге дейін төмендейді деп болжауда

Антон Федяев – облыстық көктемгі су тасқынына қарсы штабтың жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары:

– Мамырдың 6-сынан Петропавл гидроторабындағы су деңгейі 41 см-ге төмендеді. Мамандардың болжауынша, ол жердегі су деңгейі күн сайын 15-20 см-ге дейін төмендейді деп күтілуде.

Әзірге облыс аумағында 234 тұрғын жайдан су кеткен жоқ. Антон Федяев барлық шығындар 3 категория бойынша есептеледі деді.

Антон Федяев – облыстық көктемгі су тасқынына қарсы штабтың жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары:

– Шығындар баспаналардан су толығымен кеткеннен кейін есептеледі. Одан бөлек мал шығыны және материалдық өтемақылар бөлек-бөлек қаралады. Әзірге, мамандар Есіл өзенінің қай уақытта арнасына түсерін дөп басып айта алмай отыр.

Бүгінде 341 отбасыға гуманитарлық көмек көрсетіліпті. Нақтырақ айтқанда оларға
азық-түлік және үлкендер мен балаларына киім-кешек үлестірілген. Қайырымдылық шарасына үлес қосуын қазақстандықтар жалғастыра береді. Азаматтардан жиналған заттарды қоғамдық ұйымдар, “Нұр Отан” партиясы және ардагерлер кеңесі үлестіретін болады.

Берік Қасен