Без категории

Жастар Ұлы Жеңісті жақындатқан жерлестерді мақтан тұтады

Мағжан Жұмабаев – ҰҰ Әскери институтының 1-ші курсында оқиды. Антына адал, сертіне берік офицер болып, Отанының қорғаны болуды көздейді.

Мағжан Жұмабаев, ҚР ҰҰ Әскери институтының 1-ші курс курсанты:

– Мен өлеңімді батыр бабалар ерлігіне арнадым. Олар Жеңісті жақындатты.

Бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған кеш “Жеңіс. Тарих. Кітап” деп аталыпты. 81 жастағы қала тұрғыны Клара Орлова жас ұрпақ өнер көрсетіп жатқан шараға өзі жазған кітапты құшақтай келіпті. Әкесі соғысқа кеткенде 5 жаста болған екен. Өзінен бөлек тағы 5 баланы өсіріп-бағу анасының мойнында қалған.

Клара Орлова:

– Ауылда күн көру үшін сиыр ұстадық. Ал, оған шөп табу үшін кеңшарда бауырларыммен барып он шана шөп жұлатынбыз. Оның тек біреуін ғана алатынбыз. Әкем соғыста әскери азамат болды. Осылай бізді жектізген шешем жайында, туғандарым мен әкемнің соғыстағы ерлігі жайында “Менің отбасымның тарихы” деген кітап жаздым.

Сондай-ақ, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ұжымы келушілер назарына кітап көрмесін ұсынған. Мұнда Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттер мен осы тақырыпта қалам тербеген жерлес жазушылардың туындылары жайғастырылыпты.

 

Акбопе Танирберген