МТРА жаңалықтары

СҚО сотында ҰОС қатысқан судьялардың аты-жөні жазылған мемориалдық тақта ашылды

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

– Осындай бейбіт өмір силаған ардагерлерді ұмытпауымыз қажет. Оларды құрметті біздің міндетіміз.

Бүгінгі жиынға Жоғарғы сот судьясы Денис Шипп те қатысып отыр. Құрметті қонақтың атасы Семенов Григорий соғысты өткеріп, кейін облыстық адвокаттар алқасын 25 жыл бойы басқарған. Ардагердің есімі тақтаға жазылған 17 жерлесіміздің қатарына еніпті.

Денис Шипп – ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

– Мен ардагердің ұрпағы екендігімді мақтан тұтамын. Өзім туған жерде осындай ескерткіш ашылады дегенді естіп риза болдым. Бүгін осында отбасыммен келдім. Қарындасым атамыздың ата жазылған мемориалдық тақтаны көру үшін Петропавлға асықты.

Сонымен, қазір асыға күткен мемориалдық тақта жұршылық назарына ұсынылмақ. Ескерткішті салтанатты түрде облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановпен құрметті қонақ Денис Шипп ашты. Бұдан соң фемида өкілдері мен жерлестеріміз ардагерлерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Тағы, шараға Археологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулина да қатысып отыр. Оның әкесінің аты-жөні де ескерткіште бар. Нәзік жанды ардагерді бүгінгі ізбасарлары ұмытпай, мереке қарсаңында ұлықтап жатқандарына дән риза.

Марал Хабдулина – Археологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры, Астана қаласы:

– Әкем соғысқа 20 жасында аттаныпты. Ол “Курск доғасы” шайқасына қатысқан. Әкем соғыстан келген соң Алматы қаласындағы заң институнда білім алды. Кейін, 1947 және 74 жылға дейін сот саласында қызмет етті.

Жалпы, ҰОС -на теріскейден 100 мыңнан аса жерлесіміз аттаныпты. Оның 30 мыңы майдан даласында қаза тапқан екен.

 

Култанов Байболат